Түркияда халық саны 82 миллионнан асты

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияда халық саны 2017 жылдағыдан 1193357 адамға өсіп, 2018 жылы 82003822-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Статистика институты (TÜİK) мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

2017 жылдың аяғында Түркия халқының саны 80,8 миллионнан асқан болатын.

2018 жылдың аяғындағы деректерге сәйкес, Түркия халқының 50,2 пайызы - (41,1 миллион) ерлер, 49,8 пайызы - (40,8 миллион) әйелдер.

Соңғы жаңалықтар