Түркияда грантқа оқу бағдарламасына өтінім қабылданып жатыр

Фото: None
НҮР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркия Республикасы тарапынан жыл сайын берілетін гранттық бағдарламаның құжат тапсыру мерзімі 2022 жылдың 10 қаңтары мен 20 ақпан күндері аралығында жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркия Бурслары» гранттық бағдарламасына құжат тапсыруға байланысты ақпараттарды ресми сайттан www.turkiyeburslari.gov.tr алуға болады. Құжаттар онлайн тапсырылады. «Түркия Бурслары» гранттық бағдарламасына құжат тапсыру тегін және оны үміткерлер тарапынан тапсырылу керек.

Құжат тапсыратын үміткерлерге ақылы түрде құжат тапсырып беруді ұсынатын кісілерге немесе мекемелерге сенбеу керегі ескертіледі.

Құжат тапсыратын үміткерлер құжат тапсыру барысында сұрақтары туындаған жағдайда Түрік Елшілігі білім бөліміне телефон соғу арқылы (+7 7172 704 678) немесе Нұр-Сұлтан қаласы Ташенов көшесі 3, адресіндегі Консулдыққа келіп ақпарат алуларына болады.

Сондай-ақ үміткерлер құжат тапсыруға байланысты сұрақтары бойынша Алматы қаласында Түрік Бас консулдығы Білім Бөліміне (+7 7272 784 165) хабарласып ақпарат ала алады.


Соңғы жаңалықтар