Түркияда эко-мешіт бой көтеретін болды

None
None
АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Түріктердің Бурса провинциясындағы Нилюфер ауданында салынатын мешіттің құрылысы 2015 жылы аяқталады. Бұл мешіттің ерекшелігі - жаңартылатын энергия көзін тұтынатын болады. Бұл жайында Hurriyet Daily News хабар таратты.

Сәулетшілер өздері ойлап тапқан бұл жобаның қоршаған ортаны қорғауда өзгелерге де үлгі болатынына сенімді.

muslim.kz сайтының жазуынша, мешіттің шатырына күн панелі мен мұнараларына жел турбиналары орнатылған. Бұдан өзге де экологиялық артықшылықтары бар мешіт жамағаттың қажеттілігіне жарайтын еріген қар суы мен жауын суын жинайтын жүйесімен де ерекшеленетін болады.

Мешіттен артылған электр қуаты мемлекетке сатылады. «Мешітте 120 кВт электр қуаты өндірілсе, оның тек 50 кВтын ғана пайдаланады. Қалғаны мемлекетке сатылады», - деді сәулетші Челик Эренгезгин (Çelik Erengezgin).

Оның айтуынша, түріктердің дін істері жөніндегі басқармасы бұл жобаға оң қабақ танытып отырған көрінеді.

iRES Energy Атеш Угурел (Ateş Uğurel) компаниясының негізін қалаушылардың айтуынша, түрік мешіттерінің жоқ дегенде 80 пайызы табиғи қуат көздерін өндіруге ден қойса, елді 400 мегаватт электр қуатымен қамтамасыз ете алады екен.

Энергетика нарығын реттеу жөніндегі ұлттық басқарманың мәліметіне қарағанда, бұл жобаға тек мешіттер ғана емес, сонымен бірге, жекеменшік оқу орындары мен спорт кешендері де қызығушылық танытып отыр.

Соңғы жаңалықтар