Түркияда дүниеге келген 4 айлық нәресте ауруханадан шықты

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Түркияда мерзімінен бұрын туып, Отанына әзер жеткен 4 айлық Полина Васильева Педиатрия орталығынан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәресте өмірінің алғашқы екі айында Түркиядағы емханада болса, тағы екі айын Алматыдағы Педиатрия орталығында өткізген.

«Үйге шығатынымызға шексіз қуаныштымыз. Полина жазылды. Елге келгенде салмағы 1383 грамм болса, қазір 2 395 г. Дәрігерлерге көп рахмет!», - деді анасы Дарья Васильева.null

Ауруханадан шығуымен баланы ең алғаш Қазақстанның Стамбулдағы консулы Бауыржан Абдрахманов құттықтаған.

Шала туған Полина Қазақстанға 10 қыркүйекте жеткізілген болатын.

«Баланың салмағы аз болуына байланысты оның өкпесі қабынған. Қызға мидың гидроцефалиясы деген диагноз қойылды. Соның кесірінен баланың миына қан құйылған. Түрік дәрігерлері баланың миына шунт орнатқан. Алматыда бұл шунт ауыстырылды. Тексеру кезінде көзінің тор қабығы жетілмегені анықталды. Баланың көзіне офтальмологиялық және нейрохирургиялық ота жасалды. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты»,- деді Орталықтың неонатолог дәрігері врач-неонатолог Айжан Байғұтдиева.

 null null null 

Айта кету керек, осыған дейін мәлім болғанындай, ҚР азаматшасы Дарья Васильева Түркияда мерзімінен бұрын босанып қалған.

Ол салмағы 750 грамм болып туған қызын ақылы клиниканың қызметін төлейтін қаржысы болмағандықтан сонда қалдырып кеткен. Нәрестесін тастап елге оралған ата-ана ұшақ рейсінің таяп, ақшасыз қалғанын айтып ақталған. 25 шілде күні олардың қарызы 15 мың АҚШ долларына жеткен. 

Нәрестенің ата-анасы баласын елге қайтару үшін елден "жылу" жинауға кірісті.

Көпшіліктің арқасында Түркиядағы емхананың қарызы жабылып, балапан елге қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар