+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Түркияда домбыра күні атап өтілді

2021 жылғы 4 шілде 12:42
Бөлісіңіз:
Түркияда домбыра күні атап өтілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Домбыра күнін Түркиядағы ағайындар да атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпара Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Түркияның ТРТ арнасы Нұр-Сұлтан қаласы туралы бағдарлама әзірлеуде

Анкарада да күй шертіліп, ән шырқалып қазақтың ұлттық аспабының мүмкіндігіне әлем жұртын тәнті етуде. Тіпті Түркия президентінің резиденциясында мерекелік думанды кеш ұйымдастырылды.

Ұлы дала сазы Түркия резиденциясын жаңғыртты. Президент әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапхананың салтанат сарайында 50 домбырашының қатысуымен мерекелік кеш өтті.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйытқысымен өткен іс-шараны саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер, шетелдік дипломатия миссия өкілдері мен қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Рухты көтеретін күйлердің санында шек жоқ. Баба аспап үні күй болып төгіліп, ән болып қалықтады.

Мерекелік кештің алқисасы Құрманғазының асыл мұраларының бірі «Балбырауын» күйімен басталды. Түркияның шартарабынан бас қосқан домбырашыларды 4 ай бойы Қазақстанның мәдениет қайраткері Елмира Ескендірқызы Шендұран дайындапты.


Оркестр құрамында қазақ-түрік музыканттарынан бөлек татар, ноғай, жапон халқының өкілдері де бар. Қазақстан және Моңғолияның еңбек сіңірген әртісі Меруеш Башай «Әгугай домбыра» және «Домбырасыз сән қайда» әнін шырқады. Түркияда қазақтың қасиетті құралын дәріптеп жүрген Шәмшігүл Жүсіпова мен түрік музыканты Седат Солакоғлұ қазақ-түрік әйгілі әуендерінен поппури шертті.

Сондай-ақ Түркі дүниесі оркестрінің музыканты, белгілі композитор Ирфан Гүрдал Қорқыт Атаға арналған туындысын орындады. Биылғы Ұлттық домбыра күні Түркияда карантин талаптары жеңілдегендіктен бе мерекелік шараны тамашалауға жиналғандардың қарасы көп болды. Күмбірлеген домбыраны тамсанып тыңдаған түрік жұрты ақжарма тілектерін білдірді.

«Керемет күн. Бізге де жұғысты болсын. Елімізде де домбыра күні секілді басқа музыкалық аспаптарымыздың да мейрамы белгіленсін деп тілеймін. Бүгінгі кеште өзімді атажұртта секілді сезіндім», - түрік депутаты Метин Гүндоғду.

«Домбыра әуені бізді таңғажайып табиғатқа жетеледі. Анадолыдағы саз аспабының атасы домбыра», - деді тұрғын Зейнеп Кошкер.

Осындай іс-шаралар арқылы Орталық Азияның әуені Ыстамбұлға, Анкараның үні Түркістанға жетеді. Ұлттық аспапты жаңғыртқан Ұлттық домбыра күні түрік астанасының басқа жерлерінде тойланбақ. Бұл жолғы мәдени шара су жаңа Түркі тарихы саябағында ұйымдастырылмақ. «Домбыра күнін» атап өту шаралары түркі елінде де дәстүрге айналып, келесі жылы да жалғасын таппақ.
Еске салсақ, қазақстандықтар 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT