Түркияда бюллетеньдер саналып жатыр: Ердоған алда келеді

Фото: Фото: аa.com.
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркия Жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші кезең қорытындысы бойынша алғашқы ресми мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Түркия президентін сайлаудағы дауыстардың 54,6% саналғаннан кейін 54,47% дауыспен Ердоған алда келеді, Кылычдароглуда – 45,53%», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті.

14 мамырда өткен сайлаудың бірінші кезеңінде кандидаттардың ешбірі 50 процент дауыс жинай алмады: Түркияның іс басындағы басшысы Режеп Тайип Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43%.
Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар