Түркияда биыл 356 киножобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді

None
None
АНКАРА. Анадолы- ҚазАқпарат – Түркия елінің Мәдениет және туризм министрлігі жыл басынан бері отандық кинематограф саласындағы 356 жобаны іске асыруға қолдау ретінде 65 млн 450 мың лира көлемінде қаражат бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сәйкес,Түркияның Киноны қолдау кеңесі жүргізген соңғы отырысының қорытындысы бойынша жаңа 18 жобаны іске асыруға 17 млн 450 мың лираны бөлу туралы шешім қабылданды.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері құрамына кинематограф саласындағы үздік 8 cарапшы кіріп отырған Кеңестің бес отырысы өткен

Одан бөлек, бес жас режиссерге толықметражды көркем фильмдерді түсіруге мемлекеттік қолдау ретінде ақша бөлінді.





Соңғы жаңалықтар