USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Түркияда басылған 2 мың кітап алматылық оқырмандарға тарту етілді

2021 жылғы 9 желтоқсан 20:10
Бөлісіңіз:
Түркияда басылған 2 мың кітап алматылық оқырмандарға тарту етілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда қазақтың классик ақын-жазушыларының Түркияда басып шығарылған кітап-альбомдарының қала кітапханаларына табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы шығарған қазақтың классик ақын-жазушыларының 24 кітап-альбомының 2 000-ға жуық данасы Алматы қаласының кітапханаларына тарту етілді. Оның ішінде үш тілде жарияланған «Абай», «Үш Арыс», «Олжас Сулейменов», «Шыңғыс Айтматов», «Қалам мен қағаздың махаббаты» сынды кітаптар бар.

«ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің бастамасымен осындай бастаманы қолға алдық. Бұл тек Алматы қаласында ғана емес еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын табады. Алдағы жоспарымызда Қарағанды қаласы бар» - деді еліміздің ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Бақытжан Омар.

Айта кетейік, Алматыда өткен іс-шараға «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы Қазақстан Республикасының өкілдері және еліміздің шығармашылық зиялы қауымы қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT