Түркияда «Анадолы күндері» атты халықаралық фестиваль өтуде

None
None
ТАМБҰЛ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Түркияда Анкара қаласы Етимесгут ауданының мэриясы ұйымдастырған түркітілдес елдердің 8-ші Халықаралық «Анадолы күндері» мәдениет және өнер фестивалі өтуде.

Фестиваль аясында Елшіліктің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және қазақ-түрік қатынастарының 20 жылдығына арналған «Қазақстан күні» болып өтті.

Ауданның орталық алаңында құрылған «Қазақ үйінде» қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан көріністер беретін жәдігерлер, ұлттық киімдер, Қазақстан туралы баспа өнімдері қойылды.

Сонымен бірге Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды.

Кештің ашылуында көрермендер мен қонақтарға Қазақстан туралы фильм көрсетілді және Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығармашылық тобының концерті берілді. Топ «Ақжайық», «Шолпы» атты қазақ халық билерін және «Отырарда той», «Қарагөз» әндерін, «Қызыл тілім сөйлесе» термесін, сондай-ақ «Адай», «Көроғлы» күйлерін орындады. Етимесгут тұрғындары мен фестиваль қонақтарын тәнті еткен, әсіресе, домбырада орындалған «Üsküdar'a giderken» атты белгілі түрік әні болды.

Демократиялық партияның төрағасы Намык Кемаль Зейбек, бұрынғы әділет министрі - Парламент депутаты Ахмет Сент Тюрк, Түркияның бұрынғы абаттандыру министрі - парламент депутаты Корай Айдын және т.б. «Қазақстан күнінің» қонақтары болды.

Іс-шара БАҚ-да кеңінен жарияланды және түрік телеарнасында тікелей эфирден көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар