Түркияда алты айдың ішінде жарты миллионнан астам бала дүниеге келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл қаңтар-маусым айлары аралығында Түркияда 507 мың 909 бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркия елінің Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2021 жылдың бірінші жартысында жаңа туған нәрестелерге ұлдар арасында Юсиф есімі, ал қыздар арасында – Зейнеп есімі көп берілді.

Есептік кезеңде Түркияда 261 066 ұл мен 246 843 қыз бала дүниеге келді.

Бала туудың ең жоғары көрсеткіші Түркияның Мәрмәр теңіздік аймағында тіркелген, мұнда 141 716 нәресте дүниеге келді.

Одан кейін тізімде Оңтүстік-шығыс Анатолия, Орталық Анатолия, Жерорта теңізі аймағы, Шығыс Анатолия, Эгей және Қара теңіз аймақтары тұр.

Соңғы жаңалықтар