USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Түркияда алғаш рет коронавирус анықталды

2020 жылғы 11 наурыз 08:51
Бөлісіңіз:
Түркияда алғаш рет коронавирус анықталды

АНКАРА. АНАДОЛУ АГЕНТТІГІ-ҚазАқпарат – Түркияда коронавирустың жаңа түрін (Covid-19) жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 245 мың жасөспірім толық вакциналанды Қаңтар оқиғалары омикрон штамының таралуына ықпал етті ме Атырау облысында коронавирус жұқтырған 20 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

«Бүгін кешке коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша еліміздің азаматына тест жасалды. Тест оң нәтиже көрсетті», - деп хабарлады министр.

Министрдің айтуынша, вирус жұқтырған ер адам жақында ғана Еуропадан саяхаттан оралған. Коджа қазіргі уақытта пациент карантинге жатқызылғанын атап өтті. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланған.

Бұдан бөлек, науқастың отбасы мүшелері, сондай-ақ онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT