Түркияда алдағы күндері COVID-19-ға қарсы вакцинациялау басталады

None
None
АНКАРА. Анадолы – ҚазАқпарат – Осы аптаның соңына қарай Түркияда коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған Министрлер кабинетінің отырысы бойынша өткен брифингіде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«COVID-19-ға қарсы вакцинаны бейсенбі немесе жұма күні белгіленген тәртіп бойынша еге бастайды», - деді президент Ердоған.

Оның айтуынша, COVID-19 жұқтырғандар азайған сайын билік індеттің таралуына қарсы күрес кезінде жарияланған шектеулерді біртіндеп жеңілдете бермек.

«Елімізде коронавирус індеті көп тарала бастағанда біз жаңа жағдайға тез бейімделе алдық. Жаңа ауруханалар ашып, денсаулық сақтау саласының мықты инфрақұрылымдары мен жүйесін күшете түстік», - деді президент.


Соңғы жаңалықтар