+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Түркияда «Абай тағылымы» атты көрме ашылды

2020 жылғы 4 ақпан 15:41
Бөлісіңіз:
Түркияда «Абай тағылымы» атты көрме ашылды

АНТАЛИЯ. ҚазАқпарат - Адамзаттың ақылманына айналған Абайдың мерейтойы Түркияда аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа байланысты Абайды ұлықтау шаралары басқа форматта өтеді - министр Өскеменде Абай мерейтойына орай «Көзімнің қарасы» атты көрме ашылды Шығыс Қазақстанда жел электр стансасына Абайдың аты берілмек

Ақынның әдеби мұраларын кеңінен насихаттау мақсатында Анадолы жерінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тағылымды шара ұйымдастырды.

Оқу орнының ресми өкілі – баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асанның айтуынша, Нийде Өмер Халисдемир университетіндегі Қазақ-түрік мәдени білім беру ғылыми-зерттеу орталығында өткен жиын бауырлас мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты айқын аңғартты.

«Қыздар университетінің делегациясы аталған орталыққа Абайдың шығармалары мен ол туралы іргелі зерттеу еңбектері топтастырылған елу кітапты сыйға тартты. Сондай-ақ қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының бастамасымен «Абай тағылымы» тақырыбында көрме ашылды», – деді Жандар Асан.

Көрменің ашылу рәсіміне түркиялық ғалымдар мен аталған мемлекетте білім алып жүрген қазақ жастары қатысты.

Игілікті шараны Нийде Өмер Халисдемир университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Иляс Гукхан ашып, Абай қазақтың ұлы ақыны ғана емес, сондай-ақ түбі бір түркі дүниесіне ортақ тұлға екендігін атап өтті. Сонымен қатар ол ойшылдың адамзаттың асыл мұрасына айналған шығармалары әлемнің 30-дан астам тілімен қатар түрік тіліне де аударылғанын айтты.

«Әкенің баласы емес, адамның баласы болуды мақсат тұтқан ақынның құнды қазынасы өскелең ұрпақпен бірге жасайтын мәңгілік мұраға айналуы тиіс. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай хақындағы мақаласы, ой-толғамы басты бағдаршам болуы тиіс деп ойлаймын. Ол жоспарланған шаралардың барлығы «той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» екендігін атап өтті. Біз де өз тарапымыздан ақын мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге атсалысамыз. Бүгінгі шара соның бастауы іспеттес. Түркия жұртшылығы үшін де Абайдың өміршең поэзиясының орны бөлек. Оның әдеби туындыларының астарына үңіліп қарасаңыз үлкен мағына жатыр. Оның пәлсапалық өсиеттері мен шығармалары уақытпен үндес яки қанаттас», – деді Иляс Гукхан.

Жиында сөз алған Қыздар университетінің өкілі ұлы ақынның тағылымына терең бойлау – бүгінгі күнде үлкен маңызға ие екендігін баяндап, тағылымды іске ұйытқы болғандарға ізгі лебізін білдірді.

«Абайға бет бұру, «өткеннің арты, жаңаның басы едім» деген ұлы ақынның тағылымына терең бойлау – бүгінгі күнде үлкен маңызға ие. Абай – ұлттық болмыстың айқын үлгісі. Абай – дала даналарының барша жақсы қасиеттері мен асыл мұраларын бойына сіңіре отырып, ұлт әдебиеті мен мәдениетін һәм қоғамдық ойды баға жетпес қазыналармен байытқан дана да дара тұлға. Абай – адамзатқа ортақ тұлға. Ұлы ойшылдың шығармалары әлемдік әдебиеттің алтын қорына енуі бұл сөзімізге айқын дәлел. 75 жылдық тарихы бар университет ұжымы атынан ақын мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараның өтуіне қолдау көрсеткен туысқан түрік бауырларымызға алғысымызды білдіреміз», – деді өз сөздерінде қазақстандық ғалымдар.

Алдағы уақытта Түркияда білім алып жүрген қазақ жастарымен қатар көпшілік қауым Нийде қаласындағы Қазақ-түрік мәдени білім беру ғылыми-зерттеу орталығында Абай мұрасымен кеңінен танысуға мүмкіндік алмақ. Бұл бастама өз кезегінде туысқан халықтар арасындағы рухани сабақтастықтың артуына ықпал ететіндігі рас.

Көрменің ашылу рәсімінде Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының директоры, профессор Хикмет Кораш, Еуразиялық зерттеулер мамандығының басшысы, PhD Турғай Дүйен, Қазақ-түрік мәдени білім беру ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, профессор Мурат Барут сынды сынды ғалымдар да сөз сөйлеп, ниеттестігін білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркия, Рухани жаңғыру, #Аbai175,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT