Түркияда 28 мамырда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

None
АНКАРА. Анадолы – ҚазАқпарат – Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі 28 мамырда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Ахмет Йенер бюллетеньдердің 100 пайызы саналғаннан кейін мәлім етті.

Оның айтуынша, ел ішінде дауыс берушілердің белсенділігі 88,92 пайызды құрады, шет елдерде – 52,69 пайыз.

Еске салайық, жексенбі, 14 мамыр күні Түркияда парламент және президент сайлауы өтті.

Бюллетеньдердің 99,38% саналған кезде дауыс беру нәтижесі келесідей болған еді: Режеп Тайип Ердоған - 49,42%, Республикалық халық партиясынан кандидат Кемаль Кылычдароглу - 44,95%, «Ата» саяси альянсының өкілі Синан Оган - 5,20%.


Соңғы жаңалықтар