30.04.2023 17:22 Түркия президенті елдің алғашқы ғарышкерінің есімін жариялады СТАМБУЛ. ҚазАқпарат – Елде әлемдік ғарыш державаларының құрамына кіруді мақсат еткен екі жыл бұрын жарияланған ұлттық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2022 жылдың мамырында негізгі және запастағы ғарышкерді анықтау үшін конкурс жарияланған болатын.Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні Стамбұлда өткен TEKNOFEST-2023 фестивалінде сөз сөйлеп, ғарыш миссиясы – Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшуға қатысуға өтініш білдірген мыңдаған азаматқа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
30.04.2023 10:30 Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы жарыстың финалисі атанды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова мен Дана Байдәулет Түркияның Анталья қаласында ITF World Tennis Tour W15 жарысының финалисі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.04.2023 19:16 ТүркПА: Мәжіліс төрағасы түркі халықтарының бірлігі мен достығын нығайтуға шақырды АНКАРА. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов тамырлас Түркия елінің астанасында өткен «Әділетті әлем үшін парламенттік дипломатия: энергетика, көші-қон, азық-түлік» тақырыбындағы Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының ХІІ пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28.04.2023 09:10 Ерлан Қошанов: Қазақстан-Түркия достық саябағының ашылуы екі ел ынтымағын нығайтады АНКАРА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының ХІІ пленарлық отырысына қатысу үшін Түркияға жұмыс сапармен барды. Екі күнге созылатын сапар аясында кездесулер өткізіп, бірқатар іс-шараларға қатысу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.04.2023 11:06 Түркия президент әкімшілігі Ердоғанның ауырып қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды АНКАРА. ҚазАқпарат - Президент әкімшілігінің коммуникация департаментіне қарасты жалған ақпаратпен күрес орталығы ел басшысының ауруханада жатқаны жайлы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.04.2023 16:09 Түркияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
26.04.2023 10:25 Бешикташ футбол клубына демеушілік ұсынған жоқпыз - Эйр Астана АСТАНА. ҚазАқпарат – «Эйр Астана» әуе компаниясы түркиялық Бешикташ (Beşiktaş) футбол клубының стадион шатырын жаңартуға демеушілік ұсынғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.04.2023 10:13 Түркия президенті Қазақстан Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрін марапаттады АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 сәуірде Түрік Республикасының Анкара қаласында елдегі жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.04.2023 08:36 Түркия халқының төрттен бір бөлігінен астамы - балалар АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат - 2022 жылдың аяғында Түркияда 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны 22 578 378 -ді, яғни ел халқының 26,5 пайызын құрады. Мұндай мәліметтерді сейсенбі күні Түркия Статистика институты (TÜİK) жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
23.04.2023 12:08 Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілті табыс етілді АНКАРА. ҚазАқпарат – Президент Режеп Тайып Ердоған азаматтарға Түркияда апат аймағында салынған жаңа үйлердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
21.04.2023 17:37 Қазақтың үркіншілік тарихы туралы Үндістандағы дерек: татар шапқыншылығынан кейін болмаған моңғол көші АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қилы заман көші – құжаттық деректерде» атты халықаралық ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті. Онда қазақтың үркіншілік тарихына қатысты Үндістанда табылған тың деректер туралы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.04.2023 02:25 Кахраманмарашта зілзаладан зардап шеккендер дауыл астында қалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмарашта дауыл тұрып, бір адам қаза тапты және 44 адам жарақаттанды. Ақпан айындағы зілзаладан зардап шеккендер тұратын шатырлар да бүлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі TRTHABER-ге сілтеме жасап.
20.04.2023 18:06 СІМ Ыстанбұлда оқ тиіп жараланған қазақ жігітіне қатысты мән-жайды түсіндірді АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ыстанбұлда атыс кезінде жарақат алған жерлесіміздің жағдайына қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 10:50 Ыстанбұлда атыс болып, Қазақстан азаматы жарақат алды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматына Ыстанбұлда болған қақтығыс кезінде оқ тиді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.04.2023 02:12 Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы Түркияда 2 мың киіз үй тігеді КАХРАМАНМАРАШ. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Түрік әлемі елдерімен ықпалдастықтың арқасында зілзаладан зардап шеккен Түркия провинцияларында 2 мыңнан астам киіз үй орнатылады. Бұл туралы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Эрдоган Кахраманмараштағы «Ниеттестік» аталатын палаткалы қалашыққа барған кезде айтты. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.
15.04.2023 19:35 Түркияның оңтүстігінде 4,2 магнитудасымен жер сілкінді АНКАРА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Сенбі күні Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 4,2 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы Анадолы Табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқармаға (AFAD) сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.04.2023 20:45 Түркияның Хатай қаласы үйінділерден тазаланғаннан кей жерлері бос қалды ХАТАЙ. ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын зілзаладан зардап шеккен өңірлер үйінділерден тазаланғаннан кейін көп бөлігі қаңырап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
13.04.2023 12:28 Түркия компаниясы Қазақстанда алтын кен орындарын іздеумен айналысады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркияның тау-кен компаниялары геологиялық барлау бағытында бірлескен жобаны қолға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
11.04.2023 18:32 Түркияның жаңадан тағайындалған Қазақстандағы елшісі ауызашар берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен аптада сенім грамотасын тапсырып, қызметіне кіріскен Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мустафа Капуджу мырза ауызашар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11.04.2023 14:27 ҚТЖ шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.