07.02.2023 16:07 Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07.02.2023 15:59 Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты АММАН. ҚазАқпарат - Сирия Денсаулық сақтау министрлігінің жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, Түркияда болған жер сілкіністерінен Сирия билігі бақылауындағы аумақтарда 812 адам қаза тауып, 1449 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
07.02.2023 15:40 Джо Байден Түркия мен Сирияда қаза тапқандарға көңіл айтты ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Джо Байден Түркия мен Сирияда қаза тапқандарға көңіл айтып, зардап шеккен адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07.02.2023 15:16 Түрік ағайындарға азық-түлік жағынан көмек көрсетуге дайынбыз - АШМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Түркиядағы жағдайға байланысты азық-түлікпен гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.02.2023 15:12 Түркияда зілзала аумағында қалған қазақстандықтар қайда хабарласа алады АСТАНА. Анадолы - ҚазАқпарат – Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі ел азаматтарын Отанға қайтару шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.02.2023 14:32 Түркияның зілзала болған аумағынан Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстары жүргізілуде АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-шығысындағы алапат жер сілкінісінен кейін Газиатеп қаласынан Қазақстан азаматтарын елге алып кету шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркиядағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.
07.02.2023 13:08 Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны сағат сайын өсуде АСТАНА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияның Кахраманмараш провинциясында зілзаладан көз жұмған адамдар саны 3381 адамға жетті, 20426 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.
07.02.2023 12:43 Түркияда тағы 5,3 балдық зілзала тіркелді АСТАНА. Анадолы -ҚазАқпарат – Түркияның Адыяман провинциясында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
07.02.2023 11:35 Түркияға ұшқан қазақстандық құтқарушылар борты Газиантеп қаласына қонады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер борты Газиантеп қаласына қонады. Бұл туралы ҚазАқпараттың Түркиядағы меншікті тілшісі Ақжігіт Шүкібай хабарлайды.
07.02.2023 11:06 Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушылар 14 күнге дейін автономды жұмыс істей алады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Құлшымбаев Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.02.2023 09:59 Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.
07.02.2023 08:05 Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстігінде болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2921 адамға жетті. Бұл туралы Түркия Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезар мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолуға сілтеме жасап.
07.02.2023 03:02 Түркияның барлық аумағында мемлекеттік тулар жартылай түсірілді АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия елдің оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қазасына байланысты аза тұту күндерін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
07.02.2023 02:52 Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2,3 мыңнан асты АНКАРА. ТАСС - ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2,3 мыңнан асты, 13,2 мыңнан астамы жарақат алды. Бұл туралы дүйсенбі күні жергілікті телеарнада Түркия үкіметінің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің AFAD) өкілі Орхан Татар мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
07.02.2023 02:36 Еуроодақтың Швеция төрағалығы Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты арнайы әрекет ету механизмін іске қосты. БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 6 ақпанда Еуропалық одаққа Швеция төрағалығы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісіне байланысты ЕО-ға мүше мемлекеттер мен Еуропалық комиссияны қолдау шараларын үйлестіру үшін Біріккен саяси дағдарысқа қарсы әрекетті (IPCR) белсендіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.02.2023 02:20 Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 1760 адамнан асты АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1762-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою департаменті (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
07.02.2023 02:12 Еуропарламент депутаттары Түркия мен Сириядағы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропарламенттің жетекші депутаттары бірлескен мәлімдемеде көптеген құрбандар мен олардың отбасыларына көңіл айтып, Еуропалық jдақтың шұғыл әрекетін қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.02.2023 01:51 Армения Түркия мен Сирияға көмек көрсетуге дайын ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Армения Түркия мен Сирияға жер сілкінісінің салдарын еңсеруге көмектесуге дайын. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Twitter-дегі микроблогында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.02.2023 01:38 AMANAT партиясының төрағасы бауырлас түрік халқына көңіл айтты АСТАНА. ҚазАқпарат - AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бауырлас түрік халқына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.02.2023 01:15 Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1651-ге жетті АНКАРА. ТАСС - ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1651-ге жетті, 11 мыңнан астам адам жарақат алды. Бұл туралы дүйсенбі күні жергілікті телеарна эфирінде республиканың денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожа мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.