17.02.2023 09:20 Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17.02.2023 08:48 Түркиядағы зілзала: 261 сағат өткенде үйінді астынан екі адам аман табылды ХАТАЙ. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Антакья қаласының Одабашы ауданында жер сілкінісі болған соң 261 сағат өткенде үйінді астынан Мехмет Әли Шакироғлы мен Мұстафа Авчи аман шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
17.02.2023 02:43 Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 магнитудасымен жер сілкінді АНКАРА. ТАСС – ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 магнитудасымен жер сілкінді. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап ТАСС мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16.02.2023 19:46 Түркияда зілзаладан кейін арада 248 сағат өткенде 17 жастағы қыз құтқарылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Кахраманмараш провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 248 сағат өткен соң 17 жастағы бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
16.02.2023 16:53 Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 36,1 мыңнан асты АСТАНА. Анадолы-ҚазАқпарат – 16 ақпандағы жағдай бойынша, Түркияда жойқын жер сілкінісінен 36 187 адам қаза тапқан. Бұл туралы ТЖ салдарын жою басқармасынан (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
16.02.2023 01:14 Қазақстандықтар Түркия халқына жинаған ақша көлемі 3,6 млн доллардан асты АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге 3,6 млн доллардан астам қаражат жинап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат түрік елінің Қазақстандағы Елшілігіне сілтеме жасап.
16.02.2023 00:27 «Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалған» - фейк АСТАНА. ҚазАқпарат – WhatsApp-та Түркиядағы жойқын жер сілкінісі қолдан жасалғанын дәлелдейді делінген видео тарады. Бұл туралы сюжет түрік телеарналарының бірінде көрсетілді. Бұл – шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
15.02.2023 18:33 Түркияда жер сілкінісінен кейін 212 сағат өткенде 77 жастағы әжей құтқарылды АСТАНА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның Адыяман провинциясында жер сілкінісінен кейін арада 212 сағат өткенде үйінді астынан 77 жастағы әйел шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
15.02.2023 17:38 ШҚО халқы Түркия мен Сириядағы зардап шеккендерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 16:42 Түркияда Қазақстан құтқарушыларының жедел штабы жұмысын жалғастыруда АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда жер сілкінісінің бірінші күнінен бері қазақстандық құтқарушыларының жедел штабы жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.02.2023 15:50 Зілзаладан зардап шеккен Түркия тұрғындарына қандай ем шаралары көрсетіліп жатыр – қазақстандық дәрігермен сұхбат АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен аптада Түркияда болған жойқын зілзала құрбандарының саны 35 мыңнан асты. Әлемнің түпкір-түпкірінен көмекке ағылған құтқарушылар мен дәрігерлер арасына отандастарымыз да бар. Олар тәулік бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуде. ҚазАқпарат агенттігі Түркияға алғашқылардың бірі боп аттанған ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының елордалық филиалының фельдшері Серікбай Ахметжановпен сұхбатты ұсынады.
15.02.2023 14:24 Ерболат Төлепбай «Ұмай ана» картинасын сатудан түскен 10 млн теңгені Түркияға аударды АСТАНА. ҚазАқпарат – Танымал суретші Ерболат Төлепбай «Ұмай ана» картинасын сатудан түскен 10 млн теңгені Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 12:21 Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын бастағалы 7 адамды құтқарды. Сондай-ақ қайтыс болған 88 адамның (10 бала) мәйітін үйінді астынан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15.02.2023 09:10 Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді – ҚР Үкіметі АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді.
15.02.2023 08:00 Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 35,4 мың адамнан асты АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстігіндегі жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 35 418 адамға жетті. Бұл туралы Республиканың министрлер кабинетінің қорытындысы бойынша телеүндеу жолдаған ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
15.02.2023 01:38 Түркиядағы зілзала: 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды КАХРАМАНМАРАШ. Анадолы – ҚазАқпарат - Кахраманмараш провинциясындағы жер сілкінісіінен кейін 205 сағаттан соң үйінді астынан әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.
15.02.2023 00:45 Қазақстандықтар жіберген 84 киіз үй Түркияға жеткізілді ИНДЖИРЛИК. ҚазАқпарат – Қазақстаннан түрік жұртына көмек ретінде жіберілген киіз үйлер тиелген 8 автоколонна Инджирлик әуе базасынан Кахраманмарашқа қарай жол тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарттың Түркиядағы арнаулы тілшісі.
14.02.2023 23:37 Біз 24/7 жұмыс істейміз: Түркиядағы қазақстандық мамандар үйінді астынан 3 адамды қалай құтқарды АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияда құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан қазақстандық мамандар 20 сағаттан астам уақыт үздіксіз жұмыс істеп әкесі мен оның екі баласын үйінді астынан аман шығарып алды. Құтқарушылар құтқару жұмыстары қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап.
14.02.2023 19:53 Түркияда зілзаладан кейін 198 сағат өткенде 18 жастағы жігіт құтқарылды АСТАНА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның Адыяман қаласында зілзаладан кейін арада 198 сағаттан соң үйінді астынан 18 жастағы Мухаммед Джафер Четин құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
14.02.2023 13:40 Құтқарушылар Түркиядан аман-есен оралған соң міндетті түрде марапатталады КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Түркиядан аман-есен оралған соң құтқарушылар міндетті түрде марапатталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.