Түркия жұртшылығы мен шетелдік азаматтар Қазақстанның осы елдегі дипөкілдігіне келіп, «Арқанкерген» бекетіндегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтуда

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 7 маусым. ҚазАқпарат - Түркия жұртшылығы мен осы елдегі шетелдік азаматтар Қазақстанның «Арқанкерген» шекара бекетінде болған қайғылы оқиғаны терең күйзеліспен қабыл алды.

Үстіміздегі жылғы 5 және 6 маусымда Түркия Республикасының мемлекеттік және үкіметтік құрылымдарының, сондай-ақ осы елде тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өкілдері Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігіне және Ыстамбұлдағы Бас консулдығына келіп, шекара бекетінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңілдерін білдірді.

Түркия Сыртқы істер вице-министрі Фатих Жейлан, Түркия Парламентінің өкілдері, Өзбекстан Республикасының, Молдованың, Марокконың, Үндістанның Елшілері, Эфиопияның Уақытша сенімді өкілі және шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басқа да жоғары лауазымды қызметкерлері  көңіл айту кітабына  шын қайғыру сезімімен жазылған сөздерін қалдырды.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі дипөкілдікке келіп айтылған және шет ел елшіліктерінің ноталарында білдірілген қолдау мен көңіл айту сөздеріне ризашылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар