Түркия жағалауында жер сілкінді

None
БАКУ. ҚазАқпарат – Түркияның Мугла провинциясының жағалауында магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тrend жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайларды басқару агенттігі (AFAD) хабарлаған. Хабарламаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Датча ауданынан 225 шақырым қашықтықта, Жерорта теңізінде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 6,94 шақырым тереңдікте болған.


Соңғы жаңалықтар