Түркия вице-премьері: «Қазақстан -2050» - түбіміз бір ағайын елдің Көшбасшысының ғаламдық деңгейдегі көрегендігінің көрсеткіші

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың  27 желтоқсанында Түркия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бүлент Арынч

Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Анкарада «Хабар» агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді.

Б. Арынч Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан -2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жоғары бағалады. Ол Жолдаудың қазіргі әлемнің жаһандық қажеттіліктерін терең зерттеп, оларды негізгі он бөлімге жүйелегенін атап өтті.

Вице-Премьер: «Қазақстан -2050» - ағайынды Қазақстан елі қоғамының демократиялануының және мемлекеттің нығаюы мен ұлт бірлігінің жаңа бағыты. Президент Н. Назарбаевтың Жолдауының мазмұны Тәуелсіз Қазақстанның аяқтан тік тұруында, елдің әлемдік қауымдастыққа бірігуінде маңызды рөл атқарған, түбіміз бір ағайын елдің Көшбасшысының ғаламдық деңгейдегі көрегендігін тағы бір нақтылай түсті», -деп ерекше атап өтті.

Б. Арынч Қазақстан Президентінің сыртқы саясатты ұлттық мүддемен ұштастыра білетінін, мұның биыл 20 жыл болған қазақ-түрік қатынасының ары қарай дамуына үлкен үлес қосатынына баса назар аударды. Сондай-ақ, түрік саясаткері Қазақстан басшысы мен халқын бүкіләлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуымен де құттықтады.

«Біз Қазақстанның «EXPO 2017» көрмесін өткізу үшін болған байқауда жеңіске жеткеніне қуаныштымыз. Мұнда Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен барша қазақстандық аз еңбек сіңірген жоқ», -деп атап өтті Б. Арынч.

Соңғы жаңалықтар