Түркия ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түркияның жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын мәлім етті.

«Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Боинг -747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақыт бойынша 21:12 қалыпты режимде өтті», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Еске салайық, 3 қыркүйек күні «Алматы- Семей» бағытында ұшқан ұшақ қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайтып келген болатын.
Соңғы жаңалықтар