Түркия университеті қазақстандықтар үшін оқу грантын бөлді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұлдағы Шехир университеті қазақстандық үміткерлер үшін оқу гранттарын бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның сайтына сілтеме жасап.

Ыстанбұл Шехир университеті қазақстандық студенттерге келесі мамандықтар бойынша оқу гранттарын ұсынды: Іскерлік әкімшілік магистрі (1 жыл), Қаржы саласындағы MBA (1 жыл), Банк салсындағы МВА (1 жыл), Өнеркәсіптік және жүйелі инженерия салсындағы магистр (2 жыл), Электротехника және компьютерлік техника салсындағы ғылымдар магистрі (2 жыл), Деректер туралы ғылым магистрі (2 жыл).

Толық тегін оқуға 4 грант, 70% жеңілдікпен оқуға - 10 орын, 50% жеңілдікпен оқуға (тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, көлік шығындарын қоспағанда, оқу ақысы - 4000 доллар) - 40 орын қарастырылған.

Айта кетерлігі, 2008 жылы негізі қаланған Ыстанбұл Шехир университеті Түркиядағы беделді университеттерінің бірі. Қазіргі уақытта ЖОО-да 5 мың студент білім алуда, оның 18 пайызы шетелдік студенттер.

Оқу 2018 жылғы наурыз айының басында басталады. 

Соңғы жаңалықтар