Түркия ұлттық құрама командасы тарихта тұңғыш рет екінші орынды иеленді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Үстіміздегі жылдың 28 шілдесі мен 12-ші қыркүйек аралығында Түркияда өткен баскетболдан әлем чемпионатына 24 елден командалар және 40 төреші қатысқан болатын.

Бүкіләлемдік баскетбол чемпионаты матчтары Түркияның Анкара, Ыстамбұл, Ізмір, Кайсери қалаларында өткізілді.

Жартылай финалда Түркия, Сербия, АҚШ және Литва құрама командаларымен ойнады.

Кеше 2010 Бүкіләлемдік баскетбол чемпионатында Түркия құрама командасы жартылай финалда Сербияны 83-82 ұпаймен жеңіп, финалға шыққан болатын.

Ыстамбұлдың Синан Ердем спорт залында өткен финал матчында Түркия АҚШ командасынан 64-81 ұпайыман жеңіліп, тарихта тұңғыш рет екінші орынды иеленді.

Әлемдік баскетбол чемпионатының натижелері бойынша бірінші орынды АҚШ, екінші орынды Түркия, үшінші орынды Литва құрама командасы қанжығасына байлады.

Соңғы жаңалықтар