Түркия төрінде «Сарыарқа», «Серпер», «Махамбет» күйлері орындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Түркияның Анкара қаласында «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің халық аспаптар оркестрінің Астананың 20 жылдығына арналған концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концерт Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдау көрсетуімен ұйымдастырылды. Мəдени шара ТРТ Аваз телеарнасында тікелей эфирден көрсетілді. Жиынға ҚР Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы және ТР президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу қатысты. 

Ержан Қитаровтың жетекшілік ететін колледж оркестрі әлемдік жауһарлармен қатар, қазақ музыка әлеміндегі орны ерекше Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Сейілхан Қисанов және басқа да композиторлардың туындыларын орындады.

«Бұл күн қазақтың ұлттық өнері ұлықталған күн болды. Жас өнерпаздардың өнерлеріне тәнті болдық. Қазақтың күмбірлеген күйі мен қалықтаған әндеріне тамсанбаған көрермен жоқ. Әсіресе, күй тартыс, жастардың қазақ, түрік әндерінен орындаған поппури әсерлі болды. «Сарыарқа», «Серпер», «Махамбет» күйлерін оркестр керемет орындады. Бұндай шаралар бауырлас елдер арасындағы мәдени-рухани байланыстарды нығайтатыны сөзсіз», - деді концертті тамашалаған алматылық Әйкерім Әлімжан.

Соңғы жаңалықтар