Түркия тарихи сайлауға дайындалып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда 24 маусым күні президенттік және 27 шақырылымдағы парламенттік сайлаулар өтеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Қазіргі уақытта елдің көптеген қалаларында сайлауалды акциялар өтіп жатыр.

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлаудың өтетінін 19 сәуір күні мәлім еткен болатын. Түркияның Жоғары сайлау комиссиясы сайлау мерзімін белгілеген соң, президент лауазымына үміткерлер және саяси партиялар үгіт-насихат акциялары мен митингтер ұйымдастыруды бастады.

nullЕлде күніне бірнеше рет үміткерлердің сайлауалды уәделерін жария етіп жүрген акциялар өтіп жатыр.

Олар автобустармен Түркияның жақын және алыс орналасқан аудан орталықтарында да кездесулер ұйымдастыруда. Сондай-ақ, партия өкілдері сайлаушылар арасында таныстыру кітапшаларын таратты.

nullҮгіт-насихат шаралары сауда үйлерінде де жүргізілуде. Үміткерлердің кейбіреулері жарнама акциялары арқылы сайлаушылардың көңілін аударуды жөн деп шешті.

24 маусымда өтетін президенттік және парламенттік сайлауларда мемлекет ішінен 59 391 328, шет елден 3 049 065 сайлаушы дауыс беруге құқылы.

Түркия азаматтары үшін сайлау учаскелері 60 елде жұмыс істейді және шетелдегі 123 дипломатиялық өкілдіктерде орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар