Түркия тарапы «Оңтүстік ағын» газ құбыры жобасына келісімін берді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркия мен Ресей «Оңтүстік ағын» табиғи газ құбырының құрылуы жайында келісімге келді.

Түркия, Қаратеңіз арқылы Еуропаға тасымалданатын Ресей газ құбырының Қаратеңіз экономикалық аймағынан өтуіне рұқсат берді.

Мәскеуде Түркияның энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз, Ресей премьер-министрі Владимир Путинге Газпромның аталмыш газ құбыры жобасының құрылысын бастауына рұқсат беретін Түркия меморандумын тапсырды.

Қара теңіздің астымен жүргізілетін «Оңтүстік ағын» газ құбыры, Еуропа одақтың Ресейге тәуелділігін азайтатын Набукко жобасының ең үлкен бәсекелесі болмақ.

«Оңтүстік ағын» газ құбыры Украинаны жобаның тысында қалдырып, Қара теңіз арқылы Болгарияға, одан әрі Италия мен Австрияға дейін баруы жоспарланып отыр.

«Оңтүстік ағын» газ құбыры жобасының негізі 2009 жылы Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони, Ресей премьер-министрі Владимир Путин және Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған арасындағы кездесулерінде қаланған болатын.

Соңғы жаңалықтар