
2022 жылғы 26 маусым 13:35
Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру мәселесін талқылады
АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.
Телефон арқылы сөйлесу барысында тараптар Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелікке өтініміне байланысты мәселелерді талқылады.
Ердоған Швеция мен Финляндия PKK/YPG террористік ұйымына қарсы нақты және шынайы қадамдар жасауы керектігін, сондай-ақ Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін экспорттауға қатысты эмбарго мен басқа да шектеулерді алып тастауы керектігін атап өтті.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP