Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі А. Дауытоғлы Қазақстанға сапар жасайды

None
None
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - Маусымның 20-21-і күндері елімізге Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі А.Дауытоғлы Түркия президентінің арнайы тапсырмасымен келеді.

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Түркия министрінің Елбасымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевпен кездесулері жоспарлануда.

Осы жылдың маусым айынан бастап АӨІСШК-ке төрағалық етіп отырған ресми Анкара, аталған сапар барысында аймақтағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде Қырғыстанда болып жатқан оқиғаларды талқылауға ниетті.

Соңғы жаңалықтар