Түркия президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт науқаны басталды

None
АНКАРА. АНАДОЛЫ. ҚазАқпарат – Түркия Президенті сайлауының бірінші кезеңінде кандидаттардың ешқайсысы сайлаушылардың 50 пайыз даусын жинай алмады, сол себепті енді екінші кезең өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Сайлау процесі Жоғары сайлау комиссиясы дайындаған күнтізбеге сәйкес өтеді.

Президент сайлауының келесі кезеңі 28 мамырға жоспарланған.

Екінші кезеңдегі дауыс беру кезінде Әділдік пен даму партиясының басшысы және іс басындағы Президент Режеп Тайип Ердоған мен оппозициялық Республикалық халық партиясының лидері Кемаль Кылычдароғлы қатысады.

Кандидаттардың сайлауалы үгіт жұмыстары дүйсенбі, яғни 15 мамырда басталады.

Екінші кезеңде шетелден және кеден бекеттерінде дауыс беру 20-24 мамыр аралығында өтеді.

Радио мен телевизия арқылы үгіт-насихат 24 мамырда басталады, ал кандидаттардың сайлауалды науқаны 27 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

Жоғары сайлау комиссиясы дауыс берудің қорытынды нәтижесін 1 маусымда жариялайды.


Соңғы жаңалықтар