Түркия президенті Ыстанбұлда президент және парламент сайлауына қатысты

None
Фото: aa.com.tr
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстанбұлда президент және парламент сайлауына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолуға сілтемемен хабарлайды.

Еске салайық, бүгін Түркияда президент және парламент сайлауы өтіп жатыр.
Түркиядағы президент сайлауына үш кандидат қатысып жатыр - қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған, оппозиция кандидаты Кемал Кылычдароглу және «Альянс АТА» кандидаты Синан Оган.
Сонымен қатар, Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысына 87 сайлау округінен 600 депутат түсіп жатыр. Сайлауға 24 партия мен 151 тәуелсіз кандидат қатысуда.
Түркияда 191 000-нан астам дауыс беру жәшігі орнатылды. Елде 60 697 843 сайлаушы тіркелген. Олардың 5 миллионға жуығы бірінші рет дауыс береді.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 08:00-де басталып, 17:00-ге дейін жалғасады. Жоғары сайлау кеңесінің (ЖСК) төрағасы Ахмет Йенер алдын ала нәтижелер сол күні жарияланатынын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар