Түркия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент сарайында салтанатты түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды Қазақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын құрамда келіссөзі басталды.



Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды.
Соңғы жаңалықтар