Түркия президенті елдің алғашқы ғарышкерінің есімін жариялады

None
Фото: Анадолы агенттігі
СТАМБУЛ. ҚазАқпарат – Елде әлемдік ғарыш державаларының құрамына кіруді мақсат еткен екі жыл бұрын жарияланған ұлттық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2022 жылдың мамырында негізгі және запастағы ғарышкерді анықтау үшін конкурс жарияланған болатын.Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні Стамбұлда өткен TEKNOFEST-2023 фестивалінде сөз сөйлеп, ғарыш миссиясы – Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшуға қатысуға өтініш білдірген мыңдаған азаматқа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түркияның бірінші пилоттық ғарыш миссиясының қатысушысы ХҒС-да 14 тәулік болатынын хабарлады.

«Осы миссия барысында ғарышкер еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО мен зерттеу орталықтары дайындаған 13 түрлі тәжірибені жүзеге асыруы керек. Запастағы ғарышкерге келер болсақ, ол өзінің қабілеттерін арттырып суборбиталық ұшуды өткізеді» - деп атап өтті түрік көшбасшысы.

Оның сөзінше, ХҒА-на ұшатын бірінші түрік ғарышкері жетістіктерімен ерекшеленген ВВС Түркия ұшқышы - Альпер Гезеравджи.

«Запастағы ұшқыш ретінде таңдалған Тува Джихангир Атасевер – ғарыш аппараттарын ұшырумен айналысатын Roketsan компаниясының инженері. Екеуі де жүктелген міндеттерін абыроймен орындайтынына күмән жоқ», - деп атап өтті Ердоған.


Соңғы жаңалықтар