Түркия парламенті 63,49% жаңаланды

None
Фото: Анадолу агенттігі
АНКАРА. АНАДОЛЫ. ҚазАқпарат – 14 мамыр күні Түркияда өткен сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша 28-інші шақырылымдағы парламентке жүздеген жаңа есім енді. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолу-ға сілтеме жасап хабарлайды.

600 депутаттың 335-і мандатты алғаш алады. Сондай-ақ 46 халық қалаулысы – парламенттің 27-інші шақырылымына дейін депутат болғандар.

Осылайша, тарқатылған 27-інші шақырылымда депутат болмаған 381 адам жаңа парламентке еніп отыр. Қайта сайланғандар – 219 адам. Яғни парламент 63,49 пайызға жаңарды.

Еске салайық, 14 мамырда Түркияда президент және парламент сайлауы өтті.

Президент сайлауының екінші кезеңі 28 мамырға белгіленді.


Соңғы жаңалықтар