Түркия өзінің алғашқы ғарыш айлағын салады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия аймағында елдегі бірінші ғарыш айлағы салынып, ғарыш кеңістігін зерттеу институты (Uzay Ajansı) құрылады, деп хабарлайды Trend.az.

«Ғарыш айлағы мен ғарыш кеңістігін зерттеу институты Түркиядағы орталық провинциялардың бірінде салынады», - деді Түркия көлік, кеме қатынасы және коммуникациялар министрі Лютфи Эльван.

Ғарыш айлағы мен институтты салу Түркия басымдықтарының бірі болып табылады, деп атап өтті ол.

Ғарыш айлағының құрылысынан кейін Түркия одан отандық спутниктерді ұшыру, сондай-ақ старттық кешендерді жалға беру жоспарлануда.

Барлық түрік спутниктері ғарышқа қазақстандық «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен қытайлық «Жиугуан» базасынан ұшырылғандығы атап өтілуде.

2019 жылы ел Türksat-3A жерсерігін аттандыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар