Түркия өз әскерін Ливияға жібере алады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркия парламенті Ливияға қатысты жаңа заң жобасын қабылдады. Оған мемлекет басшысы қол қойған. Жаңа құжат бойынша түрік әскери қызметшілері Ливияға бара алады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

325 парламентарий аталмыш заң жобасын жақтап дауыс берді, ал 184 депутат қарсы болды.

Тиісті заң жобасы 30 желтоқсан күні парламент қарауына ұсынылған еді.

27 қарашада Түркия мен Ливия ұлттық келісім үкіметі арасында екі ынтымақтастық меморандумы жасалды.

Оның біреуі қауіпсіздік, әскери ынтымақтастық және теңіздегі құзыретті шектеуге арналса, екіншісі халықаралық заңдардан туындайтын қос елдің құқықтарын қорғауды көздейді.






Соңғы жаңалықтар