Түркия министрі: Ясауиден жеткен ілім Анадолы даласын қасиетті мекенге айналдырды

None
None
КАСТАМОНУ. ҚазАқпарат - Кастамону қаласы әулиелердің ізі қалған қасиетті мекен. Бұл туралы «Кастамону - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатында Түркияның мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш (Numan KURTULMUS) айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген Түркия министрі Кастамону қаласының түркі дүниесіндегі орны айрықша екенін атап өтті.

«Кастаману түркі əлемінің астанасы болып жатқан тұста сіздермен жүздескенімен қуаныштымын. Бұл шара арқылы көрікті де тарихи мәдени қаланың жаңа  тынысы ашылады деп ойлаймын. Бұл мәртебе қаланың абыройын арттырады деп ойлаймын. Осы іске үлес қосқан барлық азаматтарға, ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке алғыс білдіремін. Мұнда жыл бойы бауырлас халықтарды жақындастыруға, мәдениетін дамытуға бағытталған түрлі шаралар өтетін болады. Оған министрлік тарапынан ерекше қолдау жасалатын болады», - деді Нуман Куртулмуш.

Сондай-ақ, ол Кастамонудың мұндай құрметке бұрыннан лайық екендігін айтты.

«Бұл  шаһардың тарихы терең, ежелден түркі ғұламаларының мекені. Орта Азиядағы ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауиден жеткен ілім Анадолы даласын қасиетті мекенге айналдырды. Бұл мекенді қорғауға батырларымыз бен бабаларымыздың рухы мен ілімі дем берді»,  - деп атап өтті Нуман Куртулмуш.Еске сала кетейік, Түркияның Кастамону қаласында 2018 жылғы Түркі дүниесінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты салтанатты шара өткендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар