Түркия мен Өзбекстаннан темекіні контрабандалық жолмен тасымалдаушылар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері 2020 жылы кедендік мағлұмдаусыз кальянға темекіні заңсыз әкелудің екі дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші дерек Түркістан облысында анықталды.

Кальянға арналған темекі тиелген көлік құралдары Өзбекстаннан Қазақстанға «Қапланбек» кеден бекеті арқылы жеткізілді.

ЕАЭО шекарасын кедергісіз кесіп өту мақсатында автомашиналар тауарсыз бос көлік құралдары ретінде құжатталған.

Бұл ретте, автомашиналарда контрабандалық жүк болды, ол кедендік бақылаусыз және мағлұмдаусыз әкелінді.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы Қ.Бұрхановқа 555 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ бұрын заңсыз өткізілген тауарлар үшін 255 миллион теңге өндіріп алынды.

Екінші жағдайда Ресей Федерациясының азаматы Кафаров Илхам Мисир Оглы «повидло» түрінде Түркиядан кальянға темекі әкелмек болған.

Оған 4,1 миллион теңге айыппұл тағайындалды.

Жалпы сомасы 133 миллион теңгеден асатын екі дерек бойынша тәркіленіп алынған темекі жойылды.


Соңғы жаңалықтар