+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Түркия, БАӘ, Өзбекстанннан келген жолаушылар стационарға жатқызылуы мүмкін

2020 жылғы 1 қазан 11:53
Бөлісіңіз:
Түркия, БАӘ, Өзбекстанннан келген жолаушылар стационарға жатқызылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов 2 санаттағы елдерден Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін қазақстандықтар мен шетелдіктер үшін қазанның бірінші онкүндігінде COVID-19 бойынша жаңа талаптарды енгізуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары әуе компаниялары мен әуежайлардың өкілдерімен бірлесе екінші санаттағы (21 мемлекет) елдерден қазан айынан бастап әуе рейстерімен Қазақстанға келетін адамдар үшін қосымша талаптарды енгізу жағдайындағы жұмысты ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Осы орайда шетел азаматтарында мемлекеттік шекарадан өту кезінде үш күннен аспайтын мерзімдегі COVID-19-ға теріс нәтиже туралы анықтама болуы керек. Бұл талап ескерілмесе, олар сапарлайтын әуежайдан ұшақ бортына қабылданбайды.

Ал Қазақстан азаматтарында анықтама болмаса, онда олар келген бойда борттан ПТР анализ тапсыру үшін екі күндік карантинге стационарға орналастырылады.

Өңірлерде осы мақсаттарға арналған тиісті стационарлар дайындалды.

Аталған жаңашылдықтарды енгізу датасы жайында қасымша ақпарат таратылатын болады.

Айта кетейік ІІ санатқа Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Италия, Мажарстан, Аустрия, Нидерланд, Швеция, Румыния, Чехия, Грекия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан елдері енгізілді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT