Түркия Қырғызстанға дәрі-дәрмек және алғашқы медициналық көмек құралдарын жіберді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркия мемлекеті дәрі-дәрмек пен алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдарын Қырғызстанға жіберді.

Анкарада Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өткен министрлер кеңесінде, Қырғызстанның оңтүстігіндегі орын алған жанжалға байланысты, Түркия мемлекеті алғашқы жәрдем құралдары мен 15 тонна дәрі-дәрмекті Қырғызстанға жібереді, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары Жемил Чичек баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ Қырғызстанға Түркияның Сыртқы Істер Министрлігінен дипломаттық және экономикалық ұйым мүшелерінен құрылған делегация жүріп кетті және Түркия Қазақстанмен бірлесе отырып, Қырғызстандағы ахуалды реттеуге бағытталған бар мүмкіндікті жасап отыр, деп атап өтті Жемил Чичек.

Соңғы жаңалықтар