Түркия қоғамдастығы Қазақстанмен ортақтаса аза тұтуда

None
None
 ЫСТАМБҰЛ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түркия қоғамдастығы және Түркиядағы шетел азаматтары Қазақстанда орын алған әуе апатында  27 адамның қаза болуына байланысты қайғырып, аза тұтуда.

Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Бүлент Арынч ел басшылығы және Түркия жұртшылығының атынан қазаға байланысты Қазақстан халқына көңіл айттып, апатта құрбан болғандардың отбасыларына терең қайғыру сезімдерін жеткізді.     

  27 желтоқсанда Түркияда Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде Қазақстанның мемлекеттік туы төмен түсірілді.

 Кеше Түркия Республикасының мемлекеттік және үкіметтік  құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ елдегі аккредицияланған шетелдік дипломатиялық және консулдық мекемелердің өкілдері  Анкарадагы Қазақстан Республикасының  елшілігі мен Ыстамбұлдағы бас консулдығында болды.

 Елшіліктің көңіл айту кітабында Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің, Сырткы істер министрлігінің, Түркия Парламентінің өкілдері мен Грекия, Ирак, ТМД елдерінің елшілері,  сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдер  қайғыға ортақтасып, аза тұту сөздерін қалдырды.

Соңғы жаңалықтар