Түркия қазақтары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Кеше Ыстанбұлда жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері XX ғасырда Қазақстанда болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды. Марқұмдардың рухтарына Құран бағышталып, дұға оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ыстанбұлдағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы орталықта өткен жиынға Түркия қазақтарының ақсақалдары мен белді өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел әділеттілік пен адамгершілік үшін және ұлттық сананы бекіту мақсатында қазақ халқының басынан өткен зұлматтың толықтай зерделеніп, тиісті саяси және құқықтық бағасын алу қажеттігін айтты.

Зұлмат жылдарында миллиондаған қазақтың ашаршылықтан көз жұмғаны, атажұрттан сыртқа көшіп, саяси репрессияға ұшырағаны белгілі.

Ұлттың шоқтығы биік көш бастар азаматтарының қандықол жүйе тарапынан қырғынға ұшыратылуы – өз алдына үлкен қасірет.

Бұдан бөлек, сол кезеңде қазақ жеріне тұтас халықтардың жер аударылғаны белгілі.

Зорлық-зобалаңнан есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы сол кезде өз даласына айдалған барша ұлыстарды бауырына басты.



Соңғы жаңалықтар