+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Түркия Қазақстанға медициналық құралдар жібереді

2020 жылғы 13 шілде 11:43
Бөлісіңіз:
Түркия Қазақстанға медициналық құралдар жібереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркия Қазақстанға тағы да көмек көрсетпек. Бұл жолы бауырлас түрік халқы Қазақстанға медициналық құралдар жібермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жітіқара қаласында мектеп оқушысы коронавирус жұқтырды Алматылық дәрігер тұрғындарды өзін-өзі емдемеуге шақырды Қауіпті вирус салғырттықты көтермейді - Махамбет Досмұхамбетов

«Қадірлі отандастарымыз және бауырлас Қазақстан халқы! Коронавирус індетіне байланысты бастан кешіп жатқан осы қиын-қыстау кезеңде Түркия дос әрі бауырлас Қазақстанның жанында екенін жеткізгіміз келеді. Түркия Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында қол қойылған Өзара түсіністік меморандумы аясында, төменде тізімі көрсетілген медициналық құралдар Қазақстан Республикасына қайтарымсыз негізде тарту етіледі»,-делінген хабарламада.

Медициналық құралдардың ішінде:

· 30 дана жасанды тыныс алу аппараты

· 50 000 дана «N95» бетпердесі

· 100 000 дана медициналық бетперде

· 35 000 дана қорғаныш костюмі

· 2 000 дана бет қорғаушы маскалар

· 2 дана ПТР талдауына арналған жабдық

· 30 000 дана SARS-CoV-2 (2019-nCov) RT-qPCR лабораториялық талдау сынауығы

· 30 000 дана вирустық нуклеин қышқылын оқшаулау сынауығы

· 10 000 қорап гидроксиохлорокин дәрісі.

«Еліміздің бауырлас Қазақстан халқымен ынтымақтастық рухы аясында, бұған дейін де Түркиядан Қазақстанға әртүрлі медициналық құралдардан тұратын көмек пакеті жеткізілген болатын. Құрметімізді білдіреміз»,-дейді түркиялықтар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT