+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Түркия қазақстандықтар үшін 200-ге жуық оқу грантын бөледі

2019 жылғы 7 қаңтар 10:08
Бөлісіңіз:
Түркия қазақстандықтар үшін 200-ге жуық оқу грантын бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда оқуға 2019-2020 оқу жылына өтініштер қабылдау уақыты басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу тегін, тек жыл сайынғы студенттік төлемдері бар. Таңдалған факультеттер мен университеттерге байланысты төлем соммасы жылына 300-ден 800-ге дейін долларды құрайды.

Жыл сайын Түркия Үкіметі «Түркия стипендиясы/Turkey Scholarships» бағдарламасы бойынша түрік университеттерінде білім алуға Қазақстан азаматтарына 200-ге жуық грант бөледі.

Айта кетсек, Түркиядағы жоғары оқу орындары барлық шетелдік студенттерге (Қазақстан студенттері Түркия университеттері үшін шетел студенттері) білім көрсеткіштеріне сәйкес 100% тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады.

Сондай-ақ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен Түркия университеттері арасында жасалған келісім шарттар шеңберінде Қазақстан азаматтары үшін Таяу Шығыс техникалық университеті, Еуропалық Лефке Университеті, Стамбул Шехир Университеті т.б. университеттер тарапынан қосымша гранттар беріледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Түркия,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT