Түркия Қазақстан азаматтары үшін визалардың ресімделуін жеңілдетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Қазақстан азаматтары үшін визалардың ресімделуін жеңілдетті. Бұл туралы ҚР СІМ Facebook-тегі өзінің парақшасында хабарлады.

«Белгілі болғандай, Түркия және Қазақстан азаматтарының өзара сапарлары үшін бір айлық визасыз режим жұмыс істеуде. Сонымен бірге, Түркияның қазақстандағы Елшілігінің ақпаратынша, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап Түркия Республикасының визалардың барлық категорияларын (жұмыс, білім алу, және т.с.с.) ресімдеу үшін барлық өтінімдері, аталған визасыз сапарлардан басқа www.visa.gov.tr. веб-сайтында орналасқан «визалық өтінімдердің онлайн жүйесі» арқылы қабылданатынын хабарлаймыз», - делінген ҚР СІМ-нің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар