Түркия қазағы, қоғам қайраткері Дәлелхан Жаналтайдың туғанына 100 жыл толды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» Президент рхиваімен бірлесіп «Архив және қоғам. Тәуелсіз Қазақстан тұлғалары: Дәлелхан Жаналтай» тақырыбында дөңгелек үстел мен тарихи-құжат көрмесін ұйымдастырды. Шара Ұлттық академиялық кітапханада өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, қоғамдық-саяси қайраткер Дәлелхан Жаналтайдың (1922-2012) дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған.

Көрмеде ұсынылған архив құжаттары Президент архивіндегі Д. Жаналтайдың жеке қорында сақтаулы.

Дәлелхан Жаналтай 1922 жылы 15 маусымда Алтай ауданы (қазіргі Қытай Халық Республикасы, Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы) Алтай аймағындағы Өрмегейті жайлауында дүниеге келген.

Дiни медресенi бiтiріп, 1937 жылы әкесiмен бiрге қaжылық парызын өтеген.

1940 жылдан бастап қоғамдық қызметке кіріскен. 60-жылдары Түркияға қоныс аударған.

Дәлелхан Жаналтай «Қилы заман, қиын күндер» романының авторы.

Ол оқу-ағарту жұмыстарымен қатар, қазақтардың, қырғыздар мен ұйғырлардың құқығын қорғаумен айналысқан.

Дәлелхан Жаналтай көп тіл меңгерген, aнa тiлі қaзaқшaмен қатар aрaб, қытaй, орыс, aғылшын, урду және түркi тiлдерiн еркін білген.

Дөңгелек үстелге шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті қайраткерлері, Қазақстанға оралған қандастар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтайдың туыстары қатысты.


Соңғы жаңалықтар