Түркия қаржы нарығын тұрақтандыруға кіріспек

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Ресми Анкара Түркияның қаржы нарығын тұрақтандыру бойынша бірқатар шараларды ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде Түркияның Қазынашылық және қаржы министрі Берат Албайрак мәлім етті.

«13 тамыз түнінен бастап үкімет банк жүйесінің құрылымдарымен бірігіп ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы аса қатты сезілетін секторды тұрақтандыруға көмектесетін жүйені жүзеге асыра бастады», - деп жазды Албайрак Twitter парақшасында.

Министр отандық нарықты қолдау үшін барлық жағдай жасалатынын айтты. Дегенмен аталмыш шаралардың банк салымдарына қатысы болмайды.

Қаржы министрінің мәлімдеуінше, банктың есепшоттарында сақталатын валюта түрік лирасына аударылмайды және нарықты дүрліктіріп, шу шығаруға тырысқан адам заң жүзінде жауап тартатын болады. 

«Біз үшін бюджеттік тәртіпті орнату маңызды. Мақсат айқын. Қаржы министрлігі бюджеттен тыс шығындарға қатысты мәселелерде артқа шегінбейді. Бұл жөнінде барлық құрылымдар мен банктерге хабар бердік», - деп жазды Албайрак.

Министр үкіметтің нарық қатысушыларына қатысты барлық әдіс-тәсілдері үш ұстанымға негізделіп жасалатынын жеткізді.

«Өнімнің технологиялылығы мен үстеме құны қаншалықты жоғары? Экспорт жасалады ма? Фирма Түркиядағы шоттың жетіспеушілігін ескерді ме? Бұл ұстанымдар үкімет үшін өте маңызды. Бұған ешкімнің күмәні болмасын. Біз халықтың, ұтымды саясат пен нақты позиция арқасында сәттілікке жетеміз», - деді Албайрак.

Соңғы жаңалықтар