Түркия Ирактың солтүстігінде жаңа антитеррорлық операция бастады

None
None
АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Түркия Ирактың солтүстігінде жаңа антитеррорлық операция бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жүргізіліп жатқан түрік операциясы Ирактағы Синджар, Караджак, Кандиль, Зап, Авашин-Басъян және Хакурк аудандарындағы Күрдістанның жұмысшылар партиясы­ (PKK – Kurdistan Workers' Party) лаңкестерінің нысандарына соққы береді.

Командалық орталықта Түркия Қарулы Күштері Бас штабының басшылары, атап айтқанда генерал Яшар Гюлер, Құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал Үміт Дюндар, Әскери әуе күштерінің қолбасшысы генерал Хасан Кючюкакюз және Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Аднан Озбал бар.

Түркияның Қорғаныс министрлігі бұған дейін Ирактың солтүстігінде түрік қарулы күштері орналасқан жерде шабуылдар мен арандатулар санының көбеюіне жауап ретінде тағы бір операция басталғаны туралы жариялады.

Түркия Президент Реджеп Тайип Ердоған 1984 жылдан бастап 2020 жылдың наурызына дейін осы Күрдістан жұмысшылар партиясынан Түркияның қауіпсіздік күштерінің 7500 қызметкері мен 6800 бейбіт тұрғын қаза болғанын мәлімдеді.

АҚШ пен Еуропалық Одақ РКК-ны террористік ұйымдардың тізіміне енгізген.

Анкараның жағдайды шешуге тырысқанына қарамастан, PKK террористік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Сирияда PYD және YPG деген атауды жамылған Күрдістанның жұмысшылар партиясы­ (PKK – Kurdistan Workers' Party) террористері соңғы екі жылда өздерін «Сирия демократиялық күштері» деп атайды.


Соңғы жаңалықтар