Түркия ғалымы Назарбаев Университетінде ғарыш саласы бойынша конференция өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу Шығыс техникалық университетінің (ODTÜ) профессоры Мелахат Білге Демиркөз «TABİP» - Түрік академиялық және ғылыми ынтымақтастық жобасы аясында Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Түркия Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен Юнус Эмре институты тарапынан ұйымдастырылып отырған жоба аталмыш елдің ғылыми әлеуетін таныта отырып, бауырлас елдің ғалымдары мен мамандарының өзара ынтымақтастығын арттыруды көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда кез келген дамыған ел ғарыш саласын бейбіт мақсатта игеруге көп көңіл бөледі. Бұлардың қатарында Түркия мемлекеті де бар. Түрік елінде әлемнің ең үздік университеттерінің ғарышқа қатысты зерттеу жұмыстарына атсалысып жүрген көптеген жас мамандар мен ғалымдар бар. Солардың бірі -  Массачусетс технологиялық институты (MIT)  мен Оксфорд сияқты әлемнің ең үздік университеттерінде білім алған  жас профессор, Швециядағы Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы CERN-дегі Түркияның  өкілі Білге Демиркөз ханым» делінген Юнус Эмре орталығының таратқан баспасөз баянында.

Білге Демиркөз Юнус Эмре институтының қолдауымен биыл бауырлас ел Қазақстанның үш қаласында ғалымдармен және студенттермен кездесуді жоспарлап отыр.

Осы іс-шара аясында Мелахат Білге Демиркөз Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 24 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде студенттер мен ғалымдарға арнап конференция өткізбек.  Конференцияның тақырыбы: «Түркияда ғарыштық радиация тестерін жасау жобасы: CERN-мен ынтымақтастық».  Іс-шара 24 қыркүйекте Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде және 28 қыркүйекте осы университетке қарасты Еуразиялық зерттеу институтында жалғасын табады.

«Конференциялар үшін ғалымның Қазақстанды таңдауы да бекер емес. Өйткені, Қазақстан - ғарышқа жол салған, ғарыш индустриясы дамып келе жатқан ел. Қазақстан 1993 жылғы ақпан айындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес ғарыш саласын дамытуға арналған өкілетті орган - «Қазғарыш» ордалы үлкен бір ұйымға айналып үлгірді. Сондықтан Астанада ғалымдар мен қарапайым оқырмандарды 24 қыркүйекте сағат 12.00-де Назарбаев Университетінде өтетін осы шараға күтеміз» - делінген баспасөз баянында.

Ғылым докторы, профессор Мелахат Білге Демиркөз 1997 жылы Ыстанбұлдағы Америка Роберт колледжін бітіргеннен кейін Массачусетс технологиялық институтында оқыған. 2004 жылы Массачусетс технологиялық институтының магистратурасын тәмамдады. 2007 жылы Оксфорд университетінің физика бөлімінде докторантураны бітіріп, 2009 жылға дейін Швециядағы Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы CERN-де зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Білге Демиркөз - қазіргі таңда Таяу Шығыс техникалық университеті физика бөлімінде профессор. Сондай-ақ Түркия Республикасы Даму министрлігінің қолдауымен «Бөлшек радиациясы құрау лабораториясы» деп аталатын инновациялық материал мен электрониктерді ғарышта ұшырайтын радиацияларды жерде тестілеу жобасының жетекшісі қызметін қоса атқарады.

Соңғы жаңалықтар