Түркия елінің ресми атауы өзгерді

Фото: None
АНКАРА.Анадолы- ҚазАқпарат – БҰҰ Түркияның барлық ресми құжаттағы республика атауын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Republic of Turkey (Түркия Республикасы) Republic of Türkiye болып өзгертілді.Ел атауының қысқа нұсқасы енді Turkey емес, Türkiye болады. Дегенмен алфавит бойынша Түркияның орны өзгермейді», деді Дюжаррик.

Оның айтуынша, аталған өзгеріс түрік билігі өтінім білдірген соң бірден күшіне енген.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлы Twitter -де түсіндіргендей, Түркия атауының жазбаша нұсқасын өзгерту елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған.





Соңғы жаңалықтар