Түркия электронды темекіні импорттау мен сатуға тыйым салмақ

None
None
АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркия үкіметі электронды темекіні сатуға тыйым салмақ. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Электронды темекіні сатуға, импорттауға тыйым салынады. Біз осы жөніндегі заң жобасын әзірлеп жатырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, осы мәселе қарау үшін Түркия парламентіне ұсынылады.

Еске сала кетейік, кеше АҚШ-та 14 адам электронды темекінің құрбаны болғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар